- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған 20 жастағы қазақстандықты жезөкшелер үйіне сатып жіберген
Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған 20 жастағы қазақстандықты жезөкшелер үйіне сатып жіберген
Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп барған қыз жезөкшелер үйінен табылды. Оны желі арқылы танысқан азаматтар аталмыш мемлекеттен жұмыс тауып беретінін айтып, шекара асқанда алдап соққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Yna.co.kr дерегіне сүйенсек, жақында Оңтүстік Кореяда полиция шетелдік әйелдерді елге алдап шақырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты ұстаған. Тергеу барысында жәбір көргендер қатарынан қазақстандық қыз да анықталып отыр.
2 жастағы бойжеткенге әлеуметтік желі арқылы танысқан 2 күдікті Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып бере алатынын айтып алдаған. Кейін аталмыш елге шекара асқанда қаскөйлер қыздың төлқұжатын алып, зорлап, видеоны таратамын деп қорқытып, оны жезөкшелер үйіне сатып жіберген.
Қылмыстық топқа қатысты іс Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралды. Сотталушыларға шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген айып тағылды.
"Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді", - деді оңтүстіккореялық басылымы.
Сонымен қатар қылмыстық топ құрамында 40 жастағы Қазақстан азаматы болған. Айтуларынша, жас қазақ қызын жұмысқа орналастыруға кепілдік берген де сол кісі екен. Бірақ келген соң қыздың төлқұжатын алып қойған. Сот үкімімен айыпталушылар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.