- Басты жаңалықтар
- Сот
- Оңтүстік Кореяның шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтар ұзақ жылға сотталуы мүмкін
Оңтүстік Кореяның шекарасын заңсыз кескен қазақстандықтар ұзақ жылға сотталуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяның Инчхон халықаралық әуежайынан қашып, елге заңсыз кірген екі қазақстандық ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
“Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, мәліметтер нақтыланатын болады. Олар Оңтүстік Корея аумағында жазаланады. Әрине, ауыр бұзушылық. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, қаржылық құқық бұзушылықтар бойынша да айып қосылды. Олар келтірген зиян үшін өтемақы төлеуі керек. Сондықтан біз сот шешімін күтіп отырмыз, бірақ ол ұзақ мерзім сұрауы мүмкін”, - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, 27 наурызда қос Қазақстан азаматы шекараны заңсыз кескені үшін істі болған еді.