Tuesday, 14 May,2024

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елімізде екі университеттің атауы өзгерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығында жазылды.

«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін, - делінген бұйрықта.

Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атауының транскрипциясын өзгерту туралы жазылған.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелді.

Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұсынылатын