- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Операция "қашу". Қазақстаннан өзге мемлекетте бас сауғалаған ең танымал азаматтар тізімі
Операция "қашу". Қазақстаннан өзге мемлекетте бас сауғалаған ең танымал азаматтар тізімі
Елімізде барынша ақшаға малынып, басына іс түскенде мемлекетті тастай қашқан азаматтар өте көп. Uaqyt.info осы орайда сол есімдер тізбегін жинақтауды жөн көрді.
Серік Күдебаев
Алдымен әлі сиясы кеппеген оқиғадан бастайық. Осы аптада Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев халықаралық іздеуге жарияланды. Ол "Қаңтар оқиғасы" бойынша айыпталған. Бірақ сот залына жүрегі нашарлап, бір ай бойы келмеді. Ақыр соңы ауруханада жатқан жерінен қашып кетті.
Нұрлан Мәсімов
Қаңтар оқиғасы бойынша Кәрім Мәсімовтің інісіне де іздеу жарияланған. Ол да ұзақ қашты. Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде ұсталды. Антикор тіпті оның басы үшін қомқты қаржы сыйға беретін болған.
Рахат Әлиев
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы да 7 жылдай өзге елде бас сауғалады. Ол 2007 жылы Нұрбанк менеджерлерін өлтірді деген күдікке ілінді. Осы айыптаудан кейін елден қашты. 214 жылы Австрия билігіне ерікті түрде берілгенімен, 2015 жылы түрмеде өлі күйінде табылды.
Әкежан Қажыгелдин
Бұрынғы Премьер-министр Әкежан Қажыгелдин қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны, қаржы жымқырғаны үшін айыпталды. 1999 жылы Халықаралық іздеуге жарияланды. Ал 2001 жылы Қазақстан соты оны сырттай 10 жыл мерзімге бас бостандығынн айырды. Бүгінде саясаткер Лондонда тұрады.
Ерлі-зайыпты Храпуновтар
Виктор Храпунов және әйелі Лейла да іздеуге жарияланған азаматтар тізімінде Виктор Алматы қаласының әкімі, Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Осы уақыт аралығында лауазымын асыра пайдаланды, қаржы жымқырды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. Көп ұзамай олар да елден жылыстады.
Мұхтар Әблязов
Экс-министр, қаржыгер қызметтік жылдарында Қазақстаннан қомақты ақшаны шетел асырды деп айыпталды. Алаяқтық әрекеттерге барды деген күдікке ілінді. Көп ұзамай ол елден қашты. Алғаш Ұлыбританияда бас сауғалаған Әблязов, кейін Францияға көшіп барды. Саяси пана сұрады. Қазіргі уақытта сол Франция елінде. Әлеуметтік желі арқылы опоозициялық көзқарасын білдіріп, елді билікке қарсы үгіттеп жүр.
Әрине, тізім өте көп. Бұл қатарда ағайынды Рысқалиевтерді және тағы басқа азаматтарды тоқтаусыз айта беруге болады.