Оқ басына тиген: Болашақ президентті көлікке отырар сәтте өлтіріп кетті
Алмас Абылай
Фото
Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенссьоны өлтіріп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Еluniverso агенттігінің жазуынша, оқиға кезекті сайлау алды шерудің соңында болған. Сағат кешкі 18:00 шамасында көлікке бағыт алған үміткерге белгісіз біреулер оқ атқан.
Үш мәрте атылған оқ оның басына тиген. Осылайша Фернанда ауруханаға жеткізгенше жан тәсілім болды.
Сонымен қатар, айналасындағы оққағарлардың да жарақат алғаны айтылады.
Әзірге полиция күдіктілерді іздеуге кірісті.