Оққа ұшқан Көлбаевтың асыл тұқымды жылқылары да тәркіленді
Жақында ғана арнайы операция кезінде оққа ұшқан қырғызстандық авторитет Қамшы Көлбаевтың асыл тұқымды жылқылары мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
News.kg жазуынша, сәйгүліктердің жалпы құны 500 мыңнан астам долларды құрайды. Тәркіленген сегіз жылқы да әлемнің әр түкпірінен жеткізілген таза қанды тұлпарлар.
Иесінен айырылған аттардың денін марқұм Көлбаев АҚШ-тан алдырған.
Дені таза қанды ағылшын тұлпарлары:
«Баш кашка» - 150 мың доллар
«Командор» - 100 мың доллар
«Раушан» - 100 мың доллар
«Дончак» - 100 мың доллар
«Кундуз» - 50 мың доллар
«Байтал» - 50 мың доллар
«Острый» - 15 мың доллар тұрса, туысынан алған асыл тұқымды тағы бір биесінің құны 5 мың долларды құрайды.
Айта кетейік, қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Асанбек 4 қазанда арнайы операция кезінде көз жұмған болатын. Қырғызстанның құзырлы органдары қымыстық жолмен келген Қамшының дүние-мүлкіне қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.