Saturday, 23 November,2024

"Оқуға түсіріп береміз": Ақтауда 100-ден астам адам алаяққа жем болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтауда 100-ден астам адам алаяқтықтың құрбаны болды. Алаяқатр грантқа түсіріп береміз деп ата-аналардан ақша алып, тайып тұрған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәлімет бойынша, алаяқтар Yessenov университетіне грантқа түсіреміз деп 100-ден астам адамнан ақша алған. Бірақ сайып келгенде не ақша, не оқу жоқ.

Тіпті мемлекеттік гранттан үмітті балалардың есімі оқу жылы басталғанда студенттер тізімінде жоқ болып шыққан. Yessenov университетінің баспасөз қызметі алаяқтардың білім ордасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтып отыр.

“Қызметтік тексеріс жүргізіліп, әр ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс бойынша университет тарапынан да полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын