Friday, 22 November,2024

Оқушы мектепке қару әкеліп, 9 адамды жер жастандырды

Uaqyt.info
Фото Вlic.rs

Сербия астанасы Белградта болған сұмдық жағдай көптің төбе шашын тік тұрғызды. Оқушы әкесінің тапаншасымен 9 адамды атып өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Вlic.rs басылымының жазуынша, жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында болған. Білім ордасында оқ жаудырған 7 сынып оқушысы 9 адамды мерт қылды. Полицейлердің айтуынша, жеткіншек әкесінің тапаншасын өзімен бірге мектепке ала келген. Тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен өрт сөндіру құралдары да табылған. Әзірге оқушының неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Оның сыныптастары баланың сабақ үлгерімі өте жақсы болғанын айтып жатыр.

Ұсынылатын