Monday, 25 November,2024

Оқушылар 25 мамырға дейін оқитын болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Оқу жылының ұзақтығына қатысты өз ойымды айтқым келеді. Осы мәселеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Педагогикалық қауымдастық ұсыныстарын да айтты. Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындау керек. Алайда мұндай өзгеріске тыңғылықты дайындалу керек. Менің ойымша, министрліктің шешімі дұрыс болды, бірақ асығыс қабылданды. Осыған байланысты келе жатқан оқу жылын 34 апталық оқу жылына қайтарып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін”, - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік жазғы демалысты қысқартып, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған еді.

Ұсынылатын