Оқушылар арасында есірткі қылмысы белең алып барады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Оның айтуынша, оқушылар мен студенттер арасындағы есірткі қылмысы жыл санап артып келеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Егер 2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар», - деп тоқталды ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.