Thursday, 19 September,2024

ОҚУШЫЛАРҒА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Uaqyt.info
Фото

Павлодар қаласы мектеп оқушыларына «Жол активтернің ұлттық сапа орталығы» филиалында Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Филиал қызметкерлері  оқушыларға тікелей іскерлік қарым-қатынас аясында жол зертханаларының атқарып отырған  жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, балаларды жол-құрылысына қажетті материалдардың талапқа сәйкес болуын қадағалайтын зертхана жұмысымен де танысты.

Филиал инженері Қуат Нұрмағамбетов жылжымалы жол зертханасымен таныстырып, оның сапаны бақылауда дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз ететінің, қалалық және далалық жағдайларда тез талдау жасауға мүмкіндік беретінің баяндады.

Мектеп оқушыларына филиал эксперті Людмила Ковтарева  жол құрылысында пайдаланатын арнайы құралдармен және құрылғылармен жабдықталған зертхананың залдарында жол–құрылыс материалдарының түрлерімен, олардың сапалық сипаттамалары қалай тексерілетіні туралы айттып берді.

Филиал директоры Ақылбек Қабылдин айтуынша, ашық есік күнінің мақсаты – автожол саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін жою, жол құрылысы кластерін дамытуға үлес қосу. Болашақ құрылысшылардың жол саласына қызығушылығын ояту.

Айта кетсек, Павлодар филиалының зертханаларында оқушылар үшін Ашық есік күні тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ұсынылатын