Saturday, 23 November,2024

Оқушыларға қысым көрсеткен мұғалім жауапқа тартылуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Сабаққа келген оқушыларға қысым көрсетіп, оюлы жекеттерін шешуді талап еткен мұғалімнің ісі полицияға жетті. Әлеуметтік желіде тараған видео Мақтаарал ауданында түсірілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша Мақтаарал ауданының полиция бөлімінде іс тіркелген. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видео 14 наурызда түсірілген болып шықты. онда оқушыларға оюлы жекеттерін шешуді талап еткен мұғалімді көруге болады. Қоғамда үлкен шу туғызған мәселе Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында.

Ұсынылатын