Saturday, 23 November,2024

Оқушыларға сабақта ұялы телефон ұстауға тыйым салынады – министр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бала сабақ барысында мұғалім беріп жатқан материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы керек. Бүгінгі күні біздің балаларымызды осы смартфондар алаңдатыны белгілі. Жалпы бұл бүгінгі күні ата-аналардан, педагогтерден келіп түскен көптеген өтініш пен шағымның нәтижесінде қабылданып отырған шара. Тағы да шегелеп айтамын: бұл сабақ барысында ғана оқушылардың смартфонды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға болмайтыны туралы заң. Бұл тек сабақ барысындағы шектеу деп қабылдау керек”, - деді Ғани Бейсембаев.

Ұсынылатын