Оқушысы баспалдақтан құлаған мектеп директорының үстінен іс қозғалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астана мектептерінің бірінде оқушы құлап, мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, баспалдақтан құлаған оқушы комаға түскен болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді, нұсқауларды орындайды. Когнетивті функциясы сақталған. Қарашығы бірдей, фотореакция сақталған. Комаға түскен жоқ. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр”, – деп жазды Динара Закиева.