Оқушысы жүкті болып қалған Павлодар облысының мұғалімдері жазаланды
Павлодар облысында 8-ші сыныптың қызы жүкті болып қалды. Осыған байланысты ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кәмелетке толмаған қыздың жүктілігіне байланысты мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды.
"Қыз мектепке қыркүйекте келді, кейін қазан бойы ауырды. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастады. Бірақ баламен мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Мұғалім мұқият бақылаған, қыздың іші шығып кеткенін көргенде, дереу анасын шақырып, ауруханаға барып, баланың жүкті екенін анықтады. Ауруханада қызды сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады Павлодар аудандық білім бөлімі өкілдері.
Полиция қазір оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдіктіні ұстады.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер айтылмайды", - деп түсіндірді облыстық полиция қызметкерлері.