Орал қаласы су астында қалуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы Нұрсұлтан Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оның айтуынша, апаттың алдын алу мақсатында қазір күндіз-түні жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін 3000-ға жуық ерікті тартылған.
“Еріктілер тосқауылдар орнату жұмыстарына тартылған. Сонымен қатар басқа облыстардан да гуманитарлық көмектер келіп жатыр, олардың барлығын бір қоймаға жинақтап, мұқтаждығы бар аудан орталықтарына тарату жұмыстарына атсалысуда. Жайық өзенінің жеті метр биіктікке дейін көтерілуіне байланысты облыс орталығын су басуы мүмкін болғандықтан, еріктілер күндіз-түні тоқтамай еңбек етуде”, - деді БҚО өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы.