Sunday, 28 April,2024

Орал қаласын су басты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласы көшелерін еріген қар суы басты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Орал қаласы әкімдігі осыған байланысты жедел желіні іске қосты. Тұрғындар су тасқыны жайлы 8-711-2-24-01-94, 8-711-2-24-05-70, 8 771 131 91 61 (WhatsApp) хабарласа алады.

«Хабарласқан кезде азаматтың толық аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі және бейнежазбасы болуы қажет. Қазіргі таңда қардың қарқынды еруіне байланысты су сору жұмыстарына 60 арнайы техника, 30 мотопомпа тартылған. Коммуналдық мекеменің 200 жұмысшысы жұмылдырылған. Осы кезге дейін қала бойынша 22 466 текше метр су сорылып, 600 мыңнан астам текше метр қар шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Ұсынылатын