Friday, 18 October,2024

Оралда 39 жастағы ер адам туған анасын өлтірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралда 39 жастағы ер адам туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің жансыз денесі өз үйінің ауласынан табылған. Оның өліміне себепкер ретінде 1984 жылы туған марқұмның ұлы ұсталды. Күдіктінің үстінен ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске қатысты күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын