Оралда 58 жастағы әйелді автобус қағып кетті
Uaqyt.info
Фото БҚО ПД баспасөз қызметі
Оралда қоғамдық көлік қағып кеткен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 мамырда түскі сағат 13.00-дер шамасында болған.
«1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі «Бибігүл» кафесі тұсындағы аялдамада «Тойотари» автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетти. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілюде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деді баспасөз қызметіндегілер.