Оралда балалар мінген автобус өртке оранды
Оралда "Балауса" балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртенді. Құдай сақтағанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша, оқыс оқиға 13 маусымда болған.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.
“Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды”, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспегені анықталды.