Оралда баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен көкек ана табылды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Оралда жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, әйелге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Ал қоқыс жәшігінен табылған шақалақ дәрігерлердің бақылауында.
“Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне (қауiптi жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа не 45 тәулікке дейін қамаққа алуға жазаланады”, - деді Болатбек Нұрғожин.