Friday, 22 November,2024

Оралда екі баласын сатып жіберген 31 жастағы әйел ұсталды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Оралда 2018 және 2019 жылдары туған екі баласын саудалаған әйел ұсталды. Ол үш жастағы қызын 1 миллион теңгеге бағалаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Оның айтуынша, күдікті әйелдің үстінен ҚК 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша іс қозғалған.

"Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. 31 жастағы әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан.

Ұсынылатын