Оралда ер адам итін кішкентай балалрдың көзінше өлтіріп тастады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Оралда ер адам балалардың көзінше итін өлтірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО ПД мәліметінше, жануарға асқан қатегіздік көрсеткен күдікті ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“5 тамызда сағат 00:30-да ер адам өзінің ауласында итін пықтап тастаған, салдарынан үй жануары өлген. Қабылданған шаралар арқасында күдіктінің жеке басы анықталды”, – делінген хабарламада.