Thursday, 19 September,2024

Оралда газ жарылып, кафенің күлі көкке ұшты

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Оралдағы кафелердің бірінде жарылыс болды. Оқиға орнына барған облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс төртінші қаңтарда сағат екілер шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы орын алған. Оқыс оқиғаға қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Тілсіз жау» сағат 02.40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника) полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс жасады. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды», -  деді ведомстводан.

Ұсынылатын