Thursday, 19 September,2024

Оралда пара алған полиция қызметкері қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралда полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, пара алған қызметкердің қылмысы 21 қазанда әшкере болған.

“Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын