Saturday, 5 October,2024

Оралда танымал кәсіпкерді аяусыз сабап, өлтіріп кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралда танымал кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 11 қарашада болған. Ауруханаға шала жансар жеткізілген марқұмның өмірін ақ халаттылар сақтап қала алмады. Ал кәсіпкердің өліміне қатысты 1981 жылғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын