Saturday, 23 November,2024

Оралда жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Uaqyt.info
Фото pixabay

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 24 сәуір күні болған.

"Сағат шамамен 11.31-де 102 операторына Надежда көшесі, 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған шақалақ табылғаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін нәрестенің ұл бала екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын