Оралда жас жігітті пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Оралда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 мамырда болған. Пышақ жарақатынан 1995 жылғы ер адам қаза тапты.
"Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Жарақаттар салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық тиіс сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.