Thursday, 19 September,2024

Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші зардап шекті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралдағы балабақшалардың бірінде шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші зардап шекті. Құдай сақтағанда балалар дін аман, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 1 ақпанда Оралдағы "Сәби" балабақшасында болған. Шкафтың құлауы салдарынан 5 адам зардап шеккен.

"Шкафтың құлауы салдарынан 5 адам зардап шекті, оның төртеуі бала. 1976 жылы туған әйел қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаторлық бақылау тағайындалды. 2018 жылы туылған қыздарда кеуде-бел аймағының жұмсақ тіндері, оң қолдары мен білектері көгерген", – делінген хабарламада.

Ұсынылатын