Friday, 22 November,2024

Оралдағы екі өзен тасудың аз-ақ алдында тұр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Оралдағы екі өзен қауіпті деңгейден асып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Бұл туралы БҚО әкімдігі мәлімдеп отыр. ОНдағылардың айтуынша, Деркөлдің деңгейі 708, ал Шағанның су деңгейі 1264 см құраған.

“Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты. Жайық өзенінің көтерілуі және екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді. Осының салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағын ауданына жайыла бастады. Қазіргі уақытта Самал шағын ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіру жүргізілуде. Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде”, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын