Оралдағы жарылысқа кінәлі адам қамауға алынды
Оралдағы кафеде болған жарылысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол кафені жалға алушы екен. Естеріңізде болса, жойқын жарылыстан үш адам көз жұмған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Прокуратураның хабарлауынша, кафедегі жарылысқа байланысты жалға алушы күдікті ретінде қамауға алынған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“6 қаңтар күні аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО ТЖ және полиция департаменттері қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеу жоспарына сәйкес қажетті сараптамаларды тағайындады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар белгіленді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды”, - деп хабарлады ведомстводан.