Оралға қонған ұшақта 17 жасар қыздың жүрегі тоқтап көз жұмды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ресейден Түркияға ұшқан ұшақ бортында 17 жасар қыздың жүрегі тоқап қалды. Пилот амалсыз Оралған қонған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
TourDom.ru сайтының жазуынша, Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы Қазаннан Анталияға 17 қыркүйек күні ұшқан. Бірақ әуеге көтерілген сәтте борттағы 17 жасар мүгедек қыздың жүрегі тоқтап қалған. Осы рейспен келе жатқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдырғанымен, одан нәтиже болмапты.
Осылайша әуе кемесі мәжбүрлі түрде Орал қаласына қонды. Дей тұрғанымен М. Мәметова атындағы әуежай әкімшілігі ұшақтың 2,5 сағаттан кейін қайта ұшып кеткенін айтуда. Ал ұшақ бортындағы қыз сол әуе кемесінде көз жұмған.
Қайғылы жайтқа байланысты Анталияға ұшқан жолаушылар діттеген межеге 6 сағатқа кешігіп жетіпті.