- Басты жаңалықтар
- Жан-жануар
- "Өріске жүріп барғысы келмеген-ау". Көлік үстінде күйсеген сиырдың бейнежазбасы жұртты күлкіге қарқ қылды
"Өріске жүріп барғысы келмеген-ау". Көлік үстінде күйсеген сиырдың бейнежазбасы жұртты күлкіге қарқ қылды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте көліктің капотына жайғасқан сиырдың бейнежазбасы қызу талқыға түсті. Жұрт жануардың әрекетіне риза, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан көлік капотында жатқан сиырды байқайсыз. Тіпті алдыңғы әйнек салмаққа шыдамай сынып кеткен. Кейін көлік иесі оны орнынан тұрғызып жібереді.
Бұл бейнежазба жұртты күлкіге қарқ қылған. Бірі «сиырға обал» деп әзілге айналдырса, енді өзгелері күліп әлек.
"Сиырға обал болды, тірі жан ғой, қу темір не керек". "Сиырды сатып көліктің терезесін жасайды". "Қашанғы жаяу жүрсін, шаршаған ғой". "Өріске көлікпен барғысы келген шығар". "Сиыр семіз екен машинаның жағдайын қайдам", - деген пікірлерін қалдыруда желідегі жұрт.