Friday, 20 September,2024

Орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның аяғы ауыр болған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысындағы төтенше жағдай кезінде көз жұмған орманшы Мейрамгүл Жиенбаева туралы тың дерек шықты. Желі қолданушылары оның аяғы ауыр болғанын жазуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Самал Ибраева әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, артында 1 ұл, 1 қызы қалған марқұмның аяғы ауыр болған.

«Қаза болған Мейрамгүлдің аяғы ауыр болған екен… Үйде кішкентай балалары қалған. Иманды болсын…», - деп жазды Самал Ибраева.

Ал желі қолданушылары қаза тапқан әйелдің жақындарына көңіл айтып, түрлі пікір жазып жатыр.

Ұсынылатын