“Орныма басқаны алды”. Танымал актер Нұрлан Қоянбаевқа ренішін жеткізді
Актер Саттар Ерубаев "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевқа реніші бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, жеме-жемге келгенде Қоянбаев "Америкадағы қазақша бизнес" киносына ол актерді түсіруден бас тартқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Америкадағы қазақша бизнес" киносының кастингіне өтіп тұрып, түспей қалдым. Кастинг директоры Жеңісхан еді. Ол "Сәке, сені түсіремін, киноға өтіп тұрсың" деді. Америкада түсіретін өзім бар сахнаға дайындалдым. Бірақ менің орныма Рамазан Амантай өтті. Менен неге бас тартқаны туралы нақты себебін айтпады. Кейін Нұрлан ағамен кездесіп қалдық. "Неге бұл мәселені қозғадың?" деп сұрады. "Өтпей қалдым, жауабын кімнен сұраймын?" дегенімде, "әлі талай киноға түсесің ғой" деп жауап берді, - деді актер.