Friday, 22 November,2024

Орта ғасырда Сақ ханшайы Томиристі қарапайым еуропалық әйелге ұқсатқан суреттер жұрт талқысына түсті

Алмас Абылай
Фото nurqojadua

Төрткүл дүниенің билеушісі атанған Кир патшасын жеңіп, басын қанға малған Тұмар ханшайымның ерлігі кез-келген түркі халқына таныс. Десе де Еуропаға аңыз болып жеткен тарихты басқа қырынан суреттеген деректер табылуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Орта ғасырларда салынған суреттерді тарихшы Нұрқожа Ерсайын жариялады. Бірнеше суреттен Сақтардың ұлы ханшайымы Тұмарды қарапайым еропалық әйелге ұқсатып қойғанын аңғарасыз. Тіпті бірінде оны жүкті қылып көрсеткен.

"Еуропада Азиялық нәсіл мен киім үлгілерін көп біле бермегендіктен, Томиристі кәдімгі жергілікті әйел кейіпінде елестеткен. Барлық суретте Томирис Кирдің басын қанға батырып жатыр", - делінген жазбада.

Фото: nurqojadua

Десе де, бұл суреттерге желідегі жұрт түрлі пікір жазған. Басым бөлігі ауыздан ауызға аңыз болып жеткеннен кейін нақты адам келбетін келтіру қиын депті. Тіпті сондай аңыз-әпсана салдарынан Еуропалықтар Иса пайғамбарды да аққұба кейіпке айналдырып алған дегенге тоқталған.

Фото: nurqojadua
Айта кетейік, Тұмар ханшайым (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Оның есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Ұсынылатын