Saturday, 23 November,2024

Орынбасары сотталған БҚО әкімі отставкаға кете ме?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Орынбасары сотталған БҚО әкімі отставкаға кете ме? Әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ержан Балтаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған кезде 2023 жылдың ақпанында басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қылмыс жасауға бағытталған заңсыз тапсырма берген.

«Бұл дерек анықталған кезде Ержан Балтаев түсініктеме жазды және оны теріс себептер бойынша жұмыстан шығару жөнінде шешім қабылданды. Сот шешімі жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімімен отставкаға шығу туралы мәселе заң аясында қарастырылды. Алайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 60-бабына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымға тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, отставкаға өтініш беретіні атап көрсетілген. Орал қалалық сотының заңды күшіне енген үкіміне сәйкес Е.Балтаев өзінің қылмыстық пиғылын 2023 жылдың ақпанында іске асыра бастаған. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өз қызметіне 2022 жылдың 2 желтоқсанында тағайындалды. 2023 жылдың ақпанында Е.Балтаев заңсыз тапсырма бергенде, Н.Төреғалиев әкім лауазымында үш айдан аз уақыт жұмыс атқарған. Сондықтан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының тиісті нормасы бұл нақты жағдайда қолданылмайды», - деп хабарлады ведомстводан.

 

Ұсынылатын