Saturday, 5 October,2024

Өскеменде 51 жастағы әйел кәріз құдығына құлап кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өскеменде 51 жастағы әйел ашық тұрған кәріз құдығына құлады. Құдай сақтағанда, ол аман қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел тереңдігі 5 метр болатын құдыққа құлаған. Құтқарушылар оны шығарғаннан кейін, әйелді жедел жәрдем алып кетті.

«Оқыс оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында болған. 51 жастағы әйел серуендеп жүрген кезде құдықты байқамай құлап кеткен. Жанындағы ер адам бірден ТЖД қызметкерлеріне қоңырау шалып, көмек сұрады», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын