Өскеменде колледж студенттері жаппай астан уланып қалды
Uaqyt.info
Фото
Өскемендегі колледждердің бірінде оқитын студенттер жаппай астан уланып қалды. Қазіргі таңда білім алушылар қашықтықтан оқуға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«11 қазанда қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігіне (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар мен зертханалық зерттеулер тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.