Өскеменде құдықтан ер адамның мәйіті табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Өскеменде құдықтан ер адамның мәйіті табылды. Әзірге оның неден қаза тапқаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құдықта мәйіттің жатқаны туралы хабарламаны 102 пультіне тұрғындардың бірі түсірген.
«Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп жетті. Мәйіт Назарбаев даңғылы бойында «Адем» аялдамасы маңындағы коммуналдық құдықтардың бірінен табылған. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Әзірге оның нақты неден өлгені белгісіз. Сараптама жұмыстары тағайындалған», - деді баспасөз қызметіндегілер.