Thursday, 19 September,2024

Өскеменде тапа-тал түсте ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қанды қылмыс 13 қаңтарда болған. 102 пультіне келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барған полицейлер қанға боялған ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тапа-тал түсте ер адамды атып өлтірген 26 жастағы күдікті қамауға алынды. Әзірге оның мұндай қадамға неліктен барғаны тергеліп жатыр.

“Оқиға бойынша бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, - делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.

Ұсынылатын