Thursday, 19 September,2024

Өскеменде тоғызқабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өскемен қаласында тоғызқабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт қаладағы Славский атындағы жағалау көшесінде шыққан.

Тоғызқабатты үйдің 8-қабатындағы электр қалқаны өртенді. Қызыл жалын тұрғын үйдің біріншіден тоғызыншы қабатына дейінгі электр кабеліне түгел тарады.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл аттанды. Олар келіп жеткенге дейін түтін басқан подъез ішінен 20 адам өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. ТЖД қызметкерлері арнайы маска көмегімен 5 тұрғынды жедел құтқарды», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы ауданы 27 шаршы метр тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Отпен күреске жеке құрамнан 25 адам мен 8 техника жұмылдырылған.

Болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау.

 

 

 

Ұсынылатын