Өскеменде жасөспірім төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 14 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Әзірге баланың терезеден қалай құлағаны туралы ақпарат жоқ.