Өскемендегі оқушы қыздардың төбелесі жұртты шошытты
Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info
Ғаламтордағы қыздардың төбелесі көптің жағасын ұстатты. Онда бір қыз құрбысын жерге жатқызып, төмпештеп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қыздардың төбелесі Telegram-дағы Zhest_kz арнасында пайда болды. Онда бойжеткеннің оқушы қызды аямай теуіп, ұрып жатқанын көруге болады. Бейнежазбада ол тіпті жәбірленушіні шешінуге мәжбүрлейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздар арасындағы жанжал наурыздың 1-2-де болған.
“Аталған дерек ҚК 293 бабы 2-бөлігі (бұзақылық, адамдар тобымен жасалған) бойынша Өскемен қаласы Ертіс ППП ОҚБК-де тіркелді”, - деді баспасөз қызметіндегілер.