Friday, 20 September,2024

Өскемендегі Үлбі өзенінен жасөспірімнің мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасынан бір адамның мәйіті табылды. Жасөспірімнің неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің денесі 2-ші маусымда жағалаудан табылған. Оның әзірге неден қаза тапқаны белгісіз. Қайғылы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тисіті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Хабар түсе салысымен полиция қызметкердері сол жерге келіп жетті. Қазіргі уақытта 14 жастағы баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталуда», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын