Saturday, 23 November,2024

"Осылай ойнауға бола ма". 97 жастағы қарияны айнаға қарата әзілдеген әйелді жұрт сынға алды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте 97 жастағы қарияны айнаға қаратып әзілдеген бейнежазба жұрт назарына түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода қарт кісіні айна алдына тұрғызып қойғанын байқайсыз. Тіпті кәрі кісінің әрекетін түсірген әйел оған "алдыңдағы адамға амандас" деп сөйлеп жатыр. Ал ер адам айнадағы өзінің келбетін танымай тұр.

"Ассалаумағалейкум. Аман ба", - деп айнаға жақындап қарайды қария бейнежазбада.

Десе де, бұл жағдайды желідегі жұрт қатты сынға алған. Бірі қартайғанда бұлай ойнауға болмайтынын айтса, енді өзгелері қарияны емдету керек деп отыр.

"Үлкен кісімен осылай ойнауға бола ма? Өмір алма кезек". "Қатты қартайғанда қиын ғой". "Бала болған екен, ата". "Күлгенше емдету керек қой. Қазір алжасудың емі бар". "Ұят, мазақтап не керегі бар", - деген ашулы жазбаларын қалдыруда.

Ұсынылатын