Saturday, 23 November,2024

“Осымен бәрі бітті”. Жахан Отарғалиев әйелінен күдер үзгенін айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал актер Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты ел арасындағы қауесетке нүкте қойды. Әнші Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейін көпшілік оларды қайта қосылады деп топшылаған. Бірақ актер махаббатт хикаясы аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Достар, сендердің өмірлеріңде ажырасу болмасыншы. Қашыңдар! Оған мүлдем жақындамаңдар! Егер мүмкіндік болса, дәл қазір  таңдау келсе 2009 жылға қайта барып, мүлдем ажыраспаудың амалын жасар едім. Бұл өмір екен. Уақыт өткеннен кейін бәрін түсінесің. Қазір Стамбұл қаласында жүрмін. Бұл қалада мен шын ғашық болғанмын. Бұрын дәл осы жерге келгенде жүрегім ерекше соғатын. Ностальгия болып, жақсы ойлар келетін. Кеше осы жерге барған кезде жүрек бұрынғыдай болмады. Содан қоштасамын деп шештім. Себебі осы жерде басталған махаббат осы жерде қалуы керек екен. Өзіне айта алмаған сөзім еді, сол махаббат пен сезім басталған жерден бітуі керек деп шештім. Қош бол, Касконтай! Жаным! Осымен бәрі бітті. Достар, енді мүлдем ол туралы әңгіме айтпаңдаршы. Әрі қарай өмір жалғасады. Жаңа өмір бастау керек. Алладан үмітімді үзбеймін. Мені сыйлап, мені жақсы көретін  адамды кездестіреді”, – деп жазды актер.

Ұсынылатын