Saturday, 23 November,2024

Отбасылық билік: Қадыровтың министр қызы Үкімет құрамына ауысты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шешенстан Президенті Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы вице-премьер лауазымына тағайындалмақ. Бұған дейін Мәдениет министрі болған Айшат Қадырова әлеуметтік мәселе бойынша қызмет атқарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қадыров өзі жазды. Онда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізгенін, жиын барысында Шешенстан парламентінің төрағасы Мүсілім Хучиев Айшат Қадырованың кандидаттығын ұсынғанына тоқталады. Яғни Айшат Қадырова әлеуметтік мәселе бойынша Шешенстан үкіметінің вице-премьері болмақ.

Ұсынысты Рамзан Қадыров мақұлдаған.

Айшат Қадырова 21 жасынан бастап Шешенстан мәдениет министрінің орынбасары, министрі болған. Әрі көптеген ордендердің иегері.

"Айшат Қадырова мәдениет министрлігінің аймақтармен жұмысына үлкен үлес қосты, зор тәжірибе жинады", – деп жазады Рамзан Қадыров телеграм арнасына.

Айта кетейік, Азаттықтың жазуынша Қадыровтың көптеген туыстары Шешенстандағы жоғары лауазымды қызметтерді атқарады. Яғни шамамен 158 шенеуніктің 30 пайызы Қадыровтың туыстары екен.

Ал Үкімет құрамына өткен 24 жастағы қызының күйеуі Висхан Мацуев биыл шілдеде Шешенстан үкіметінің вице-премьері әрі ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалған.

Ұсынылатын