- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Отбасыма біреулерден қоқан-лоқыға ұқсайтын әрекет басталды": Депутат Бақытжан Базарбек дабыл қақты
Отбасыма біреулерден қоқан-лоқыға ұқсайтын әрекет басталды": Депутат Бақытжан Базарбек дабыл қақты
Белгілі заңгер, депутат Бақытжан Базарбек дабыл қақты. Ол ескі Қазақстанның өкілдері жеке мүлкіне зиянын тигізе бастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында жазды. Сөзінше бұл әрекеттер ескі Қазақстан өкілдерінен келген болуы мүмкін.
"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік", - деп жазады депутат.
Бақытжан Базарбектің алаңдаушылығына әріптестері де пікір білдірді. Бұл қатарда Жанарбек Әшімжан да бар.
"Әріптесім Бақытжан Базарбекті қорқытып, үркітіп, қоқан-лоқы жасап тура жолынан тайдырғысы келетіндер – сыбайлас жемқорлықтың жанкүйерлері", - дейді Жанарбек Әшімжан.
Желідегі жұрт бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.