Saturday, 23 November,2024

"Өте әдемі болуы керек". Қазақстанда ер адамның ұрығын қанша теңгеге сатып алады?

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Елімізде ер адамдардың ұрығын қанша теңгеге сатып алатыны айтылды. Бірақ басты талап - дене бітімі мен түр әлбеті өте әдемі болуы керек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ер адамның ұрығын қаншаға сатып алатыны "Не хабар" бағдарламасында айтылды. Маман елдегі тек қазақ жігіттері ғана емес, орыс, кәріс сынды өзге ұлт өкілдері де шауқатын саудаға шығаратын көрінеді.

"Қысқа бойлы, түр әлпеті әдемі емес жігіттерді донорға алмайды. 18-35 жас аралығындағы бойы қзын, дене бітімі келіскен, түр-әлпеті жарасқан жігіттерден ұрық алынады. Сауалнамада оның білімі, руы бәрі жазылады. Әрі кішкентай кезіндегі суреті міндетті түрде сұралады. Шамамен бір ұрыққа 35-45 мың теңге аралығында төленеді", - дейді маман.

Әрине бұл мәселе желіде қызу талқыға түскен. Бірі оңай ақша табудың жолы деп қараса, енді өзгелері ұрық сатуға мүлде қарсылық білдірген.

Ұсынылатын